Сербиялық маман Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубының бас бапкері қызметінде қалды, деп хабарлайды Kazinform.
«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, М.Чурчичпен келісімшарт ұзартылды.
«Біз Милич Чурчичпен келісім-шартты ұзартқанымызға өте қуаныштымыз, өйткені біз жаттықтырушы мен командаға толық сенеміз. Өткен маусымда бітірмеген жұмысты алдағы жылы бірлесіп аяқтауымыз керек. Жаттықтырушы бәсекеге қабілетті команда құрып, клубымызды жоғары нәтижелерге жетелейді деп сенеміз. Жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», – деді клубтың құрылтайшысы Әлімжан Қалдияров.
Сербиялық маман қостанайлық клубты 2023 жылдың қаңтарынан бері баптап келеді.
«Тобылмен» бірге Милич Чурчич биыл Қазақстан кубогін жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).