«13 әкімшілік аймақта төтенше жағдай жарияланды, бүгін ерекше қауіп төніп тұрған аудандарға дизельді отын жеткізу жұмыстары басталды»,-деп келтірді Маричтің сөзін Танюг агенттігінің тілшілері.
Төтенше жағдайлар секторының басшысы осыған дейін төтенше жағдай жарияланған елдің батысы мен оңтүстік батысындағы және батысындағы 11 әкімшілік аймаққа тағы батыстағы Иваница мен оңтүстіктегі Гаджин-Хан аймақтары қосылғандығын мәлім етті.
Ресми түрде суықтан республиканың екі тұрғынының қайтыс болғандығы расталды. Сәрсенбі күні Дунай, Сава және Тиса өзендері арқылы мұз қатуына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды. Сербияның шұғыл қызмет өкілдері 6 қаңтар күні 130 азамат пен 70 автомобильді қауіпсіз аймаққа көшірді.