Сербтер қазақтың ән-күйлерін тыңдады (ФОТО)
Мәдени шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Наурыз» мейрамына орайластырылды.
Сербия-Қазақстан Парламенттік достық тобының мүшесі Драгомир Карич концертті ашу салтанатында сөйлеген сөзінде Белград тұрғындары үшін Ұлы дала композиторлары мен ақындарының шығармаларымен, сондай-ақ ұлттық музыка өнерімен таныстыруға мүмкіндік беретін осындай іс-шараны өткізудің маңызы зор деп атап өтті.
Концертте Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы, Ықылас Дүкенұлы, Біржан Қожағұлұлы, Дайрабай Нұрғожаұлы, Сара Тастанбекқызы, Дина Нұрпейісова, Латиф Хамиди, Нұрғиса Тілендиев пен шет елдерінің классикалық шығармалары орындалды.
Мәдени іс-шара серб аудиториясының Қазақстанға, оның тарихына, мәдениетіне және қазақ этносының өзгешелігіне үлкен қызығушылық танытты.