Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Қаһарманы атағына ие болды

Фото: Фото: tdh.gov.tm

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Қаһарманы атағын иеленеді. ҚазАқпарат бұл туралы Туркменистан сегодня агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Құжатқа сәйкес, түрікмен басшысына марапат ұлттық тәуелсіздік принциптерін және Түрікменстанның бейтараптығын нығайтуға қосқан үлесі, мемлекет пен қоғам алдындағы айтулы еңбегі, инновациялық бастамалары үшін берілді», - деді межлис жетекшісі Дуньягозель Гульманова.

Сердар Бердімұхамедов елдің Ұлттық кеңесі отырысында марапатталды.

Бұл атақ мемлекет пен Түрікменстан халқына айрықша еңбегі сіңген азаматтарға беріледі.