Астана уақытымен 9 сағат 32 минутта аяқталған бәсекеде америкалық Серена Уильямс ресейлік Мария Шарапованы 6:4, 6:1 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.
Енді ешкімге дес бермей келе жатқан Серена Уильямс жартылай финалда польшалық Агнешка Радваньскаямен кездесетін болады. Өз кезегінде Агнешка бүгін таңмен испаниялық Карла Суарес Наварроны жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.
Айта кетейік, Серена Уильямс Мария Шарапованы 18-ші рет тізе бүктірді.