«Серена Уильямс US Open әйелдер арасында жеке разрядта 10-шы финалына жетті», - делінген хабарламада.
Америкалық спортшы украиналық Элина Свитолинаны 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Матч Нью-Йорктегі Артур Эш стадионында өтті.
Осылайша, Уильямс US Open матчында 101-ші рет жеңіске жетті. Енді ол Үлкен шлем турнирінде 24-ші титулын иелене алады.
Финалдағы орын үшін Канаданың өкілі Бьянка Андрееску мен мансабында алғаш рет Үлкен шлемнің жартылай турниріне шыққан швейцариялық Белинда Бенчичпен бақ сынайды.