Серена Уильямс: Ю. Путинцева оңай қарсылас емес
14:03, 02 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямс «Роллан Гарростың» келесі айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға қарсы матчы жайлы пікірімен бөлісті, деп жазды sports.kz.
«Соңғы рет Юлиямен Индиан-Уэллстегі турнирде кездескенмін. Онымен ойнау өте күрделі, себебі ойында өте сақ, әрі жеңіске деген құшынысы басым. Олар ойынға бар ынта-шынтасымен кіретінін сеземін», - деді Уильямс WTA ресми сайтында.