Көрсетілген бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екендігі туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, бүгінгі күні олардың талаптарын сақтау міндетті болып табылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз.
Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats аpp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады»,-делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.