«Биылғы 10 қыркүйек - 25 қараша аралығында «Сергек» камералары арқылы жол жүру ережесін бұзудың 23 483 дерегі тіркелген. Құқық бұзушыларға 190 млн 751 мың теңге айыппұл салынды. Аталған құрылғының іске қосылуымен жол көлік оқиғалары 27 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, бұл құрылғылардың көмегімен ашылған қылмыс 65 пайызға артып, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау 17 есеге өсті. Ал, жол-көлік оқиғасының салдарынан болатын өлім-жітімді 45 пайызға төмендетуге көмегі бар екенін күнделікті тәжірибе көрсетіп отыр», - деді Әсет Оразғалиев.
Оның айтуынша, қазір Атырау қаласында жол қозғалысын бақылау мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 51 көше қиылысына, 153 түзу жолға 1224 суретке түсіру және видео жазу, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын 774 видеобақылау камерасы орнатылған.
Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда бақылау камерасының көмегімен 186 қылмыс ашылғанын жазған болатынбыз.