Турнирге спорттың барлық түрлерінен мықты атлеттер, чемпиондар мен рекордшылар қатысып, өзара күш сынасты.
Турнирдің 7-ші маусымында әскери орталық спорт клубының спортшылары ауыр спорт түрлерінен Ресейдің алып күш иесі, Ресей Федерациясының түрт дүркін рекордшысы Михаил Савинмен тартысты.
«Халықаралық Vortex Sport жобасы спорт түрлерін насихаттау, бұқаралық және жеке спорттық жарыстарды біріктіру, жоғары сапалы видео түсіру, спорт өнімдерін әзірлеу мақсатында құрылды», - деп атап өтті ЦСКА өкілдері.
Еске сала кетейік, Сергей Цырульников - Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. Халқымыздың атақты палуандары Қажымұқан мен Балуан Шолақтың ізін жалғаушы. Әлемнің 4 дүркін чемпионы, Гиннестің рекордтар кітабының және Қазақстанның 5 дүркін рекордшысы. Волейбол, пауэрлифтингтен спорт шебері, кір тасын көтеруден спорт шеберіне үміткер. Салмағы 148 тонна болатын вагондарымен бірген тепловозды бірнеше метрге сүйреген.