Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше 500 метр қашықтыққа каноэде есуден ерлер арасындағы А финалында Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдені еншіледі.
Бұл - осы Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы жеңіп алған екінші медаль. Осыған дейін 500 метрге байдаркада есуден әйелдер арасындағы жұптық жарыста Ольга Шмелёва мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болған.