Сергей Громов экология вице-министрі қызметіне тағайындалды
Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниегекелген.
1981 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтынгидромелиорация мамандығы бойынша, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқаруинститутын әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы мамандығы бойынша, 2002 жылыӘулие Ата университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылысинститутында оқытушы болып бастаған.
1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі, әкімнің біріншіорынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмысістеді.
2007 жылдан 2011 жыл аралығында «Нұр Отан»халықтық-демократиялық партиясының аппарат басшысы, төрағасының орынбасары,хатшысы болды.
2011 жылғы қыркүйектен 2013 жыл аралығында ҚР Қорғанысминистрінің орынбасары лауазымын атқарды.
2013 жылдың тамызынан 2016 жылдың қаңтарыаралығында - V шақырылымындағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты,Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2016 жылдың қаңтарынан қазірге дейін — ҚР ПарламентіСенаты төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР Президентінің Жарлықтарымен бірқатарсенаторлардың өкілеттіктері тоқтатылғандығын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған болатын.