Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Хорошун Сергей Михаилович 1966 жылғы 26 наурызда туған.
Білімі:
Целиноград инженерлік-құрылыс институты - инженер-құрылысшы.
Еңбек жолы:
1990-1995 жж.- "Целинограджилстрой" ӨҚҰ;
1995 -1998 жж - Целина теміржол басқармасы;
1998-2000 жж. - «Қалалық коммуналдық қожалық» МКК КҚБ бөлім бастығы, бастығының орынбасары;
2000 жылы - Коммуналдық қожалық департаментінің директоры;
02.2005 ж. - Астана қаласы Энергетика және коммуналды қожалық департаментінің директоры;
2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
Мемлекеттік наградалары:
«Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.