Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Сергей Коновалов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998-2000 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері және аға зертханашысы болып жұмыс істеген.

2000-2002 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2002-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.  

2008-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі.

2016-2018 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі.

2018 жылғы наурыз айынан қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.