Бұл туралы бүгін РФ Президенті лауазымында ауқымды баспасөз мәслихатын өткізуі кезінде Дмитрий Медведев айтты.
«Ол көптен жұмыс істеп келе жатыр және менің ойымша, жақсы жұмыс жасауда. Егер бүгін С.Мироновты РФ Федерация Кеңесінің спикері лауазымынан босату туралы шешім қабылданса, менің ойымша, С.Миронов оны дұрыс қабылдауы тиіс, түптің-түбінде ол «Біртұтас Ресей» және «Әділетті Ресей» партияларына пайдалы болады», - деді Д.Медведев.
«Біртұтас Ресей» шынайы қуатын танытып отыр, ал «Әділетті Ресей» оппозициялық партия. Бұл тұрғыдан барлығы да ұтып отыр», - деді ол.