«Бұл оңай болмады, әннің қазақ тіліндегі нұсқасын мен бір апта бойы үйде тыңдадым. Мен қазақ әліпбиінде орыс тіліндегіден гөрі әріптер көп екенін, олардың дыбысталу ерекшеліктері туралы білдім. Енді Н мен Ң-ды, О мен Ө-ні оңай айыра аламын», - дейді С.Зверев. Диана Шарапованың продюсері Роман Мироновтың айтуынша, аталмыш клипті түсіруді Сергейдің өзі ұсынған. Айта кетейік, Сергей Зверев жасөспірім шағында Өскемен қаласында тұрған.