Серік Ахметов «Алтын сапа» және «Парыз» «алтын» сыйлықтарын тапсырды

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметов ірі кәсіпкерлік лауреаттарына «Алтын сапа» және «Парыз» «алтын» сыйлықтарын тапсырды.

«Парыз» сыйлығының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында Қостанай облысының «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ лауреат атанды.

«Үздік ұжымдық келісім» аталымында «Зенит» Орал зауыты» АҚ (БҚО) лауреат болды. «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» ретінде «KEGOC» АҚ танылды, ал «Экологияға салған үлесі» аталымында «СолтүстікҚазЭнерго» АҚ марапатталды.

Сонымен қатар «Алтын сапа» лауреаттары да марапатталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аясында ірі кәсіпкерлік субъектісі «Компания Нефтехим LTD» ЖШС (Павлодар облысы), «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымында «ҚазТрансГаз Аймақ», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» бойынша «Химфарм» ЖШС (ОҚО) аталды.