Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан жобаны жүзеге асырудың барысы туралы Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов баяндады.
Кші айналма жолдың жалпы ұзындығы-35 км, оның өткізу мүмкіндігі тәулігіне 90 мың. көлікті құрайды.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Астана қаласында 2012-2020 жылдарға арналған апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның орындалу барысымен танысып, «Елорда Даму» ЖШС нысандарын аралап көрді. С.Ахметов нысандарды аралау қортындысы бойынша тиісті министрліктер басшылары мен Астана қаласы әкімдігіне қажетті тапсырмалар берді.