Серік Ахметов сыбайластарымен мемлекетке 17 млн теңге шығынды төлеуі тиіс

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облыстық сотының азаматтық іс жөніндегі апелляциялық алқасы бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Мұқтар Адамбеков және ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Айдос Жәкеновті залалдың орнын толтыру ретінде мемлекетке 17 миллион 310 мың теңге төлеуді міндеттеді, деп хабарлады сот залынан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



 Бас жауапкер және Қарағанды әкімі тұлғасында талапкер Нұрлан Әубәкіров олардың талаптарын орындаудан бас тартқан алқа шешіміне қанағаттанбады. Атап айтқанда, Қарағанды әкімі шығын өндіріп алуды ұлғайтуды, ал жауапкер шығын сомасын жоюды, азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. «Апелляциялық алқа қаулы етті: Қазыбек би атындағы аудан соты Ахметов Серік Нығметұлы, Әбдішев  Бауыржан  Түйтейұлы, Смағұлов  Мейрам  Ахмедияұлы, Адамбеков  Мұқтар Ермекбайұлы, Жәкенов  Айдос  Ғибадуллаұлынан мемлекетке келтірілген 17 миллион 310 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынның орнын толтыру туралы шешімі өзгеріссіз, талапкер мен жауапкердің апелляциялық шағымдары - қанағаттандырусыз қалдырылсын», -деп қаулыны оқыды апелляциялық алқа судьясы.Ол Жоғарғы сотқа кассациялық шағым бере ме, ол жағы белгісіз. Әкімдік заңгері Жандос Ысқақ әкімнің одан әрі әрекеті талқылану үстінде екенін айтты. 17 млн 310 мың теңге - Серік Ахметов пен оның бұрынғы төрт бағынысты қызметкері Әбдішев  Бауыржан  Түйтейұлы, Смағұлов  Мейрам  Ахмедияұлы, Адамбеков  Мұқтар  Ермекбайұлының заңсыз әрекеттерінен мемлекетке келтірген материалдық шығын сомасы. Бес жауапкер қуыным талабын толық көлемде мойындамайды.