Серік Ахметов жазасын өтеушілердің арасында үлгілі болған

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК 159/18 мекемесінде жазасын өтеп жүрген елдің бұрынғы Премьер-Министрі Серік Ахметов тәртібіне екінші оңтайлы дәреже берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Есімжан Байтасовтың хабарлауынша, бас бостандығынан айыру орнында Серік Ахметов үлгі боларлықтай тәртібі арқылы өзін жақсы қырынан көрсете білді. Ол ішкі тәртіптің барлық талаптарын орындап, колонияның қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалысты. Осы орайда ол жазасын жеңілдету туралы шешімге лайықты болды.

«АК 159/18 мекемесі орташа қауіпсіздіктің нысаны болып табылады. Жақсы тәртібінің нәтижесінде Серік Ахметов жазасын жеңілдетілген жағдайда өтеуге ауыстырылды», - деді Е. Байтасов.

Соттың мәліметіне қарағанда, С. Ахметов тәртібінің екінші оңтайлы дәрежесін иеленіп, онда еңбекке адал қарым-қатынасы мен жақсы тәртібі үшін 4 реттен грамота мен марапатқа ие болды.

5 қыркүйекте Серік Ахметовке жазаның өтелмеген бөлігін сот дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына алмастырды. Бұл жаза мерзімін ол тұрғылықты жерінде жалғастырады. Сот қаулысы 2017 жылғы 21 қыркүйекте заңды күшіне енеді.

Еске сала кетейік, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Премьер-министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкім шығарды. Осыған дейін ол 1 жыл мерзімде  «үй қамақта» болды.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылдың 14 наурызында жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылды.

Сонымен қатар биылғы 19 қаңтарда рақымшылыққа байланысты Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқарды.