Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының судьясы Руслан Мұқатаев облыстың Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Пробация департаменті қызметінен ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы, жазасын өтеуші Айдос Жәкеновті рақымшылықпен босату туралы сотқа түскен материалын зерттеп, өтінішті қанағатттандыру жөнінде қаулы шығарды.
«Жазасын өтеуші Жәкенов «ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» ҚР заңының негізінде 3 жылға сынақ мерзіммен шартты түрде 1 жыл 6 ай түрінде бас бостандығынан айыру жазасын орындаудан босатылсын», - деген қаулыны оқыды судья Мұқатаев.
Қарағанды ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Айдос Жәкенов ҚК 310-1-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін жазаланған. Оны 2015 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпты деп таныған.