Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланады

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Ертең өтетін Үкімет отырысы ауыл шаруашылығы саласы мәселелеріне арналады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

«Ертең, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді. Онда 2013-2015 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі қаралады», - деді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков саладағы өңдеу секторы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндайды.

Сонымен қатар Үкімет мүшелері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіндегі мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Бұл тақырып бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы мен ҚР Өңірлік даму министрліктерінің басшылары және өңір әкімдері сөз сөйлейді.