ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ел болашағын айқындайтын маңызды шараға қатысу - әрбіріміздің азаматтық міндетіміз деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ҚазАқпарат тілшісіне.
Серік Дүйсенбаев бүгінгі сайлауда алғашқылар қатарында дауыс берді. Маңызды науқанға байланысты өзінің ой-пікірін білдірді.
«Бүгінгі күн - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Біз ортақ болашағымыздың дамуы үшін дауыс береміз. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр. Әрбір азаматтың өз таңдау құқығы бар. Барша қызылордалықтарды өз Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Дамудың даңғыл жолы үшін әр азамат болашақты таңдау құқығынан қалыс қалмауы қажет», - деді Серік Дүйсенбаев.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.