«Ақ Жол» фракциясы, үнемі квазимемлекеттік секторды реттеу туралы депутаттық сауалдар жолдаған болатын. Сонымен қатар, «Самұрық Қазына» қорының аймақтардағы көлеңкесі болып саналатын және жергілікті даму институты деп есептелетін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) туралы нақтырақ тоқталуды жөн көрдік. Партиямызға ӘКК-ның жұмысына наразы кәсіпкерлерден арыз-шағым көптеп түсуде. Естеріңізге сала кетейік, ӘКК - мемлекет пен бизнестің әріптестігі, және өңірдің әлеуметтік экономикасын дамыту үшін Үкіметтің 2012 жылғы қаулысымен бекітіліп, құрылған болатын. Үкімет Корпорация туралы заң жобасын 2008 жылы Парламентке енгізіп, Мәжілісте қызу талқылау басталғаннан кейін, кері қайтарып алған еді, яғни ӘКК-ның қызметі бүгінге дейін заңмен реттелмеген. Сондықтан бұл корпорация бүгінгі күнде ешқандай ортақ ережесіз құрылым. Әрбір әкімдік оны өзінше қолдануда», - деді С. Ерубаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның пайымынша, бұл мекеме делдалдың рөлін атқарады, олардың не жоба менеджерлері, не мемлекет өкілі, не кәсіпкерлер екені түсініксіз.
«Сонымен қатар, корпорация тарапынан халық тұтынатын өмірлік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендету мәселесінде немқұрайлық, яғни өз мақсаттары мен міндеттерін орындамау және тиісінше жүзеге асырмау байқалады. Нәтижесінде, жергілікті бюджет қана емес, кәсіпкерлік субъектілері және халықтың әлеуметтік осал топтары да зардап шегуде.
СПК-ның қызметінде барлық көрсетілген кемшіліктер, тиісті органдар тарапынан нақты бақылау болмауының нәтижесі деп білеміз. Негізінде, шағын және орта бизнестің дамуын қолдамасақ, мемлекет экономикасының дамуы, халықты жаппай жұмыспен қамту сияқты міндеттер жайлы айту қиын», - деді депутат.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ Жол» депутаттық фракциясы келесіні талап етеді:
1. Өңірлердегі ӘКК-лердің мақсаты мен рөлін айқындау қажет, дәл осы түрде қала берсе - бұл ұйым бизнесті дамытуға кедергі, сондықтан оларды таратуға жататын тиімсіз институт деп тану қажет.
2. Егер де Үкімет бұл институтты сақтап қалғысы келсе, онда Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының құзіретін арнайы бір тәртіпке келтіріп, заңмен бекітіп, осы корпорациялар кәсіпкерлердің меншігіне, ішкі жұмысына араласпайтын болуы керек.
3. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң аясында ӘКК-ны қаржыландыру, қаражаты мен қызметі үшін есеп беруін, тиімділігін қадағалауды жергілікті мәслихатқа жүктеу.
4. ӘКК табатын табысы болса, оны толығымен жергілікті бюджетке салып, қоғам үшін ашық түрде пайдалану қажет. Әсіресе, топ-менеджерлердің жалақысы, сыйақысы, бонустары мен кеңсе-көліктерін де мәслихат бекіту тиіс.