Федерация ақпаратына қарағанда, оның жұмысына қатысу үшін Чеджу қаласына АИБА вице-президенті, Қазақстанның бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев келеді деп күтілуде.
Конгресс барысында ұйымның президенті мен вице-президенттерін сайлау өтеді. Вице-президент лауазымына әрбір құрлық өз үміткерлерін ұсынады. Азиядан бұл лауазымға Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев үміткер. Егер С.Қонақбаев сайлауда жеңіске жететін болса, онда Азия бокс федерациясына да басшылық жасайды.