«Головкин бұл кездесуде жақсы мүмкiндiкке ие. Менiңше ол жеңедi. Мәселе тек қай раундта - үшiншi, төртiншi әлде бесiншi. Мюррей өте төзiмдi боксшы, соңына дейiн тұратын жiгiт. Гена шынымен өз мүмкiндiгiнiң ең биiк шыңына жеттi, өте керемет, тамаша бокс көрсетуде», - дедi Қонақбаев.
1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының күмiс жүлдегерi Головкин қарсыласын 2-4 раундтарда сұлатады деп топшылап отыр. «Дегенмен менде күмән бар, себебi британдық боксшы бұдан көбiрек шыдауы ықтимал», - деп түйдi сөзiн С. Қонақбаев.