Ол АҚШ-тың Миннесота штаты Дулута қаласында өткен бокс кешінде Доминикан өкілі Хосе Антонио Абремен (14-11, 8КО) кездесті.
Бірінші ауыр салмақтағы айқас 8 раундқа есептелген болатын. Бірақ соңына дейін жетпеді: Мұсаділов бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, 27 жастағы Қазақстан боксшысы профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді, оның онын – нокаутпен аяқтады.