Еске салайық, Конституцияға сәйкес Парламенттің әрбір палатасы Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жылдық мерзімге қызметке жеке-жеке тағайындайды. Осыған орай, Есеп комитетінің бір мүшесінің мерзімі аяқталған болатын. Ал оның орнына Есеп комитетінің мүшесіне кандидат ретінде Серік Нөгербековтің кандидатурасын Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ұсынды. Бұған палата депутаттары қолдау білдірді.
С. Нөгербеков бұған дейін Сенат депутаттығында болып, жақында Елбасының Жарлығымен босатылған еді.