деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше кешкісін сан мыңдаған қазақстандық теледидар алдына жиналып, Әлем чемпионатында жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндігі бар Серік Сәпиевтің ринг алаңына көтерілуін тағатсыздана күтіп еді. Көңілдерде бір үміт, бір күдік. Бірінші раундта-ақ жанкүйерлердің көңілін күдік басты, ресейлік боксшы 8:2 есебімен басым түсті. Ал, екінші раундта көңілде үміт оты оянды. Себебі, ресейлік боксшының ұпай санымен теңеспегенімен, осы раундта біздің боксшының сілтеген жұдырығы дөптеген жеріне дәл тиіп (3:5) жатты. Алайда осы қарқынын үшінші кезеңде де жоғалтпаса деген жанкүйер тілегі ақталмады. Үшінші раунд нәтижесі - 5:3 есебімен ресейліктің пайдасына шешілді, ал жалпы жартылай финалдың қорытындысы - 16:10.
Ал, ақтық сынға шыққан ресейлік боксшының ендігі қарсыласы жартылай финалда өзбек боксшысын 6:4 есебімен жеңген неміс Джек Роберт Кулькай-Кет болмақ.