АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
Ойын кезінде Sever-Yug командасының мүшесі Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданды. Бұл бұрынғы боксшыға ұнамады.
Сөйтіп аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып кетті.
Серік Сәпиевтің Academy of Sports командасы жеңіске жеткен матч аяқталып, спортшылар қол алысқан кезде тағы да төбелес бола жаздады.
Batyrball - Naiza промоушнында танымал болған спорт түрі. Онда күрес пен баскетбол элементтері араласқан.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.