«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!» - деді ант берген депутаттар.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың ақпанында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты болды .
Сонымен қатар наурыз айында ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында «Нұр Отан» партиясының мүшесі Альберт Павлович Рауды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылдады.
Осыған дейін Альберт Рау ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған еді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 4 қыркүйекте Парламент Сенатының жаңадан сайланған депутаттары Қазақстан халқына ант берген болатын.