Танымал спортшылар елорда балаларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрқайсына Қазақстан бокс федерациясынан сыйлық табыстады. Оларға Аяз ата мен Ақшақар көмектесті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
«Балалар - еліміздің болашағы. Осындай шараларға қуана қатысамын. Жаңа жыл мен сыйлықтарды тағатсыздана күтіп жүрген балалардың қуанышты көздерін көрген қуантады. Барлықтарыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын!» - деді Серік Сәпиев.
Василий Левит балаларға ересектердің тілін алып, сабақты жақсы оқу, спортпен айналысу тілегін білдірді. Балалар түрлі байқаулар мен викториналарға қатысты, ең белсенділері арнайы сыйлықтар алды. Шараның соңында олар боксшылармен, Аяз ата мен Ақшақармен суретке түсті.