«Құрметті спорт журналистері! Сіздерді Халықаралық спорт журналистері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Спортшыларымыздың жеңісін қалың бұқараға жеткізудегі еңбектеріңіз зор. Сіз бен біз болып ел спортының дамуына одан ары еңбек ете береміз деп сенемін. Жазар көбейсін, құттықтаймын», - деген видео құттықтауында.
Айта кетейік, бүгін, яғни 2 шілде - халықаралық спорт журналистерінің күні.
1924 жылы 2 шілде күні Парижде Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) құрылған болатын. Ал Халықаралық спорт журналистері күні 1995 жылдан бастап аталып өтеді. Бүгінде AIPS-тің құрамына әлемдегі 130 мемлекеттің спорт журналистері кіреді. Олардың қатарында Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы да бар.
Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы да Халықаралық спорт журналистері күнін ерекше атап өтеді.