Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған хабар жалған.
«Зелимхан Мусихановтың колледжден шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта ол 4-курста оқиды, оқу практикасынан өтіп жатыр. Оқу барысында ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Қазақстан – құқықтық мемлекет, оқиға салдарынан туыстарын жұмыстан босатқаны туралы ақпарат та жалған. Естеріңізге сала кетейік, заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ басқа спортшыларды кәсіби қызметке баса назар аударуға және саладағы әріптестеріне қатысты жалған ақпарат таратуды тоқтатуға шақырамыз», – деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, ақпан айында Серік Сәпиев Алматыда өткен турнирде қарсыласымен төбелесе жаздаған еді.
Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойыны кезінде Sever-Yug командасының мүшесі қолданған күрестің тәсілі Сәпиевке боксшыға ұнамады. Сөйтіп аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып кетті.
Оқиғадан кейін Зелимхан Мусиханов көпшілік алдында Серік Сәпиевтен кешірім сұрады. Кейін олар қол алысып, татуласты.