«Алтын» бутсаға 6 футзалшы үмітті, олардың арасында есебінде 4 гол бар Қазақстан құрамасының шабуылшысы Серік Жаманқұлов бар.
Жаманқұлов сияқты, қарсыластарының қақпасына төрт рет доп кіргізген испандық Марио Ривиллос пен сербиялық Младен Кочич - үміткерлердің арасында.
Ресейлік төлқұжатқа ие бразилиялықтар Эдер Лима мен Ромуло, сондай-ақ тағы бір испандық спортшы - Мигелинаның есебінде үш доптан бар.