«Қазір баға тұрақтанып келеді. Елімізде пияз жеткілікті. Сонымен қатар, осы өнімнің экспортын жауып тастадық. Пиязды қаппен сатып алудың реті жоқ. Бірақ оның саудасына алып-сатарлар да кірісіп кеткенін байқадық. Елордадағы «Магнум» сауда желісінде пияз 130 теңгеден сатылып жатыр», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, жақында «Магнум» сауда желісінің қызметкерлері тиісті тексеріс жүргізіп, арзан өнімді базарға саудаға шығарған 19 адамды анықтады.
«Мұндай алып-сатар әрекеттер дұрыс емес. Біз осы тауарды қарапайым халық үшін сақтап, 130 теңге сомасында өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, пияздың сапасы нашар деген уәж айтылды. Осыны тексеріп, сапасы жақсы екенін көрдік», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз жеткізіле бастады.