Алматыда БАҚ өкілдері кәсіпкерлермен кездесуден соң министрден Қазақстандағы импорттық медициналық препараттардың, жеке гигиена бұйымдары мен жануарларға арналған жем-шөптің тапшылығына қатысты түсінік беруді сұрады.
«Әлемдік сауда жүйесі дистрибуцияға негізделген. Көп елде құқықты бөлудің аймақтық принципі басым. Яғни, дистрибуция тағайындалады және сол дистрибьютор жеткізумен айналысады. Шынында, біздегі бірқатар дистрибьюторлар белгілі бір мәселелері бар елдердегі өнім өндірушілерге тәуелді. Сондықтан осы өнімдерді жеткізетін компаниялар логистикалық тізбектерді қайта қарайды, бірақ ол ұзаққа созылмайды», - деді Серік Жұманғарин.
Министр елімізде барлық бағыт бойынша жұмыс істейтін импорт алмастыру бағдарламасы әзірленгенін айтты. Ол, сондай-ақ, экспортқа бағдарлануға да бағытталған.
Спикердің айтуынша, министрлік логистикада қазір импорттаушыларға көмек көрсетуде, жеткізілімдердің баламалы бағыттары да қарастырылуда.
Вице-Премьер сұрақтарға жауап бере отырып, елдегі импорттық өнімнің тапшылық мәселесі бірнеше айдан кейін шешілетінін атап өтті.
Айта кетейік, Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Алматы облысы және Алматы қаласында болып, халықпен және кәсіпкерлермен кездесулер өткізді.