Серіктестік меншігіндегі базаны 154,5 млн. теңгеге сатып жіберген ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
ОРАЛ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б» тармағына сәйкес ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған директор ЖШС құрылтайшылары жалпы жиналысының хаттамасын қайта жасап, серіктестік меншігіндегі әкімшілік-өндірістік базаны 154,5 млн. теңгеге сатып жіберген.