Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесі барысында Еуропалық комиссияның Төрағасы Жозе Мануэль Баррозу осылай деді.
«Серіктестік пен ынтымақтастықтың жаңа келісімінің қабылдануымен біздің қарым-қатынастарымыздың жаңа дәуірі ашылады деп санаймыз. Жаңа буын құжаты серіктестік пен ынтымақтастық туралы кеңейтілген әрі барынша кешенді келісім болмақ»,- деді ол.
Сонымен қатар ол ЕО-ның Қазақстан барлық салада өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және республикада жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңғыртуларға қолдау көрсетуге дайын екендігін баса айтты.
«Еуропалық одақ Қазақстанның ДСҰ-ға өтуге ұмтылысын қолдайды әрі келіссөздер процесінің аяқталуын тағатсыз күтеді», - деді ЕК төрағасы.