Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда Атырау қаласындағы №8 учаскеде дауыс берді. 

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Аймақ басшысы референдумның ел болашағы үшін маңызын және оның әр адамға өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысында референдум өткізуге 276 учаске ұйымдастырылған.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыста референдумға қатысатын сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толған және дауыс беру құқығы бар 416 619 азамат енгізілген.