Бокстан Қазақстан спартакиадасының финалында 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Каzinform.
Бұл кездесудің басты фавориті саналған Серік шешуші айқаста 63,5 келі салмақта өнер көрсететін қарсыласы Мұхамедсабыр Базарбайұлынан жеңіліп қалды.
Серік Теміржанов 2021 жылғы Белградта өткен әлем чемпионатында да күміс жүлдегері атанған болатын.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Астанада өтіп жатқан Қазақстан спартакиадасының финалында топ жарғанын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.