Серік Теміржанов жапониялық боксшыға есе жіберді

Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Астанадағы бокстан әлем кубогында жартылай финал жолдамалары сарапқа салынды. Қазақстан құрамасының сапынан 60 келі салақ дәрежесінде Серік Теміржанов өнер көрсетті. 

Тартысқа толы жекпе-жекте жапониялық боксшы Шунсуке Китамотоның мерейі үстем болды. 

Айта кетейік, әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.

Еске салсақ, осыған дейін Айдана Забынбекова мен Наталья Богданованың жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік.