АСТАНА. KAZINFORM - Астанадағы бокстан әлем кубогында жартылай финал жолдамалары сарапқа салынды. Қазақстан құрамасының сапынан 60 келі салақ дәрежесінде Серік Теміржанов өнер көрсетті.
Тартысқа толы жекпе-жекте жапониялық боксшы Шунсуке Китамотоның мерейі үстем болды.
Айта кетейік, әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.
Еске салсақ, осыған дейін Айдана Забынбекова мен Наталья Богданованың жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.