Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Үкімет

Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті.

Фото: Үкімет

Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайтыны атап өтілді. 1993-2026 жылдар аралығындағы ынтымақтастық шеңберінде көлік, білім беру, экология, «жасыл» технология мен цифрландыру саласында $8 млрд-тан аса сомаға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Тараптар биылғы мамырда жоспарланған инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық бағдарламаны талқылауды қосқанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірлігін растады.

Айта кетейік, Сенат Дүниежүзілік банк қаражатына қатысты құжатты мақұлдады.