Облыстық сот берген мәліметке сәйкес, демалыс орнына абайсызда кісі өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетті деген айып тағылып отыр.
Қылмыстық кодекстің 306-баптың 3-бөлігіне сәйкес, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету кесірінен абайсызда адам өліміне әкеп соққанда, төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
306-баптың 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқса, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 5 мың АЕК дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
Айта кетейік, 22 қаңтар күні бастапқы сот отырысы өтеді.
Бастапқы сот талқылауында үкім шықпайды.