Серпінді жобаларды жүзеге асыру ел экономикасының инфрақұрылымын нығайтуға жол ашты

АСТАНА. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат/Айдын Бәймен/ - «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында ел экономикасының шикізатқа жатпайтын секторының экспорттық әлеуетін әртараптандыру мен дамытуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістер құруда және барларын жаңғыртуда бизнес пен мемлекеттің күшін шоғырландыратын «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы қабылданғаны белгілі.

Мәжілістің қарауына берілген Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебінде аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында қандай істер атқарылып жатқаны жөнінде жан-жақты қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2008 жылы 28 өндірістік және 17 инфрақұрылымдық жобаларды қамтитын серпінді жобалар өзекті болып табылды және базалық тізбесі қалыптастырылды.Серпінді жобаларды іске қосу және іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың әр түрлі шаралары жүзеге асырылған. Әлемдік экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан қабылданатын шаралардың нәтижесінде Бағдарламаны іске асырғаннан бастап 7 жоба пайдалануға енгізіліп үлгерді. Оның ішінде біршама жоғары қайта балқыту өнімін ? бастапқы алюминий өндіруге және қазақстандық экспорт көлемін кеңейтуге бағытталған Павлодар облысындағы электролиздеу зауытының бірінші кезекте іске қосу кешені өз қызметін бастады.2008 жылы алты серпінді жоба пайдалануға енгізілді. Атап айтқанда, «Қарағанды облысында сортты прокат өндірісін ұйымдастыру», «Ақтөбе облысында «Восход» кен орнында хром рудасын байыту жөніндегі тау-кен байыту комбинаты», «Қарағанды облысында өзек кремнезем тотығынан металлургия кремнийін өндіру», «Солтүстік Қазақстан ? Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу», Оңтүстік Қазақстан облысында «Дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын өндіріс», Шығыс Қазақстан облысында сыйымдылығы жоғары тантал конденсатор ұнтағы өндірісі пайдалануға енгізілді. Бұдан басқа бірнеше сатыларда жүзеге асырылатын «Үшінші Жаңажол газды қайта өңдеуші зауытты салу» жобасын іске асыру шеңберінде 2008 жылы жаңа газ-трубиналы электр станциясы пайдалануға енгізілді.Осы жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1,5 млрд. астам АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 2008 жылы қосымша 2600 жұмыс орны ашылды. Серпінді жобаларды жүзеге асыру ел экономкиасының инфрақұрылымын нығайтуға жол ашты. Ол шынайы секторды дамыту, елдің экспорт әлеуетін кеңейту және оның тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлерінің импортына тәуелділігін азайту үшін қосымша серпін берді.