«Серпіннің» алғашқы түлектеріне диплом табысталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгрессі өтеді. Ал Финляндия павильонында осы елдің ұлттық күні мерекесі тойланады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сондай-ақ, 20 маусым мыңдаған түлектердің тағдыры шешілетін күн екендігін атап өту керек. Бұл күні түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуді бастайды. Бұдан бөлек, осы күні Білім және ғылым министрлігі "Серпін" бағдарламасына арналған пресс-тур ұйымдастырады. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында алғашқы түлектерге диплом табысталады", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

21 маусым күні денсаулық сақтау министрлігі осы саланың кадрлық ресурстарын дамытуға арналған "Денсаулық барлығы үшін" V Халықаралық конгресті өткізеді. Жиынға еліміздің 2 мыңнан астам жетекші мамандары қатысады. Конгресс аясында жоғары теxнологиялық қызметтер мен медициналық туризм бойынша көрме ұйымдастырылады. Ал қорғаныс министрлігі экстремалды журналистика бойынша семинар өткізеді.

Айта кетейік, осы аптада депутаттар қазақ-өзбек шекарасынан өткізу ережесіне түзетулер енгізбекші.