АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері жыл басынан бері әуе және теміржол көлігінде 6 мыңнан астам құқық бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде 611 оқиға – рұқсат етілмеген жерде темекі тарту, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
6 ақпанда Алматыдағы желілік полиция бөліміне «Air Astana» диспетчерінен хабар келіп түсті. Оның айтуынша, «Сеул – Алматы» бағытындағы әуе кемесінің бортында жолаушы тәртіп бұзған.
Тексеру кезінде көлік полицейлері оның 34 жастағы Киев тұрғыны екенін анықтады. Ол ұшақ бортында темекі тартқан.
Аталған жағдай негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 441-бабы 1,2 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жолаушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.