СЕУЛ: Денис Тен Ю На Кимнің мұз айдынындағы қоштасу шоуына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен кореялық мәнерлеп сырғанаушы Ю На Кимнің қоштасу шоуында өнер көрсетті, деп хабарлады Vesti.kz.

All That Skate. Adios. Gracios атауымен өткен мұз айдыны шоуы Сеулде болды. Ол Сочидегі Ойындардың күміс жүлдегері, Ванкувер олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ю На Кимге арналды.

23 жасар Ю На Ким ресейлік Аделина Сотникованы алға оздырып, күміс жүлдегер атанған Сочидегі Олимпиададан кейін спорттық мансабынан қол үзуге шешім қабылдаған болатын. Ким Кореядағы ең атақты мәнерлеп сырғанаушы, өз елінің алты дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, «Төрт құрлық» турнирлерінің жеңімпазы және Ванкувер олмпиадасының чемпионы.