Сеул КХДР ядролық сынақ өткізгенін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея үкіметіндегі дереккөз жұма күні Солтүстік Корея елдің құрылуы күніне орайластырып ядролық сынақ өткізгені шындыққа жақын деп мәлімдеді, бұл туралы ресейлік РИА Новости хабарлады.

Бұған дейін КХДР-дың ядролық қару сынайтын полигоны маңында тербелісі 5,3 сейсмикалық белсенділік тіркелгені хабарланған.

АҚШ-тың Геологиялық қызметі жер дүмпуінің ошағы Пангири ядролық полигонынан 20 шақырым жердегі елді-мекен жанында тіркелді.